Ақтөбеге шұғыл қонған Nordwind ұшағында жолаушы көз жұмды
27 мамыр күні Nordwind Airlines әуе компаниясының Екатеринбург–Сочи бағытындағы рейсі шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды, деп хабарлайды Todayinfo. Ұшу барысында борттағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, кейін қайтыс болғаны анықталды. Қайтыс болған азаматтың кім екені әзі

27 мамыр күні Nordwind Airlines әуе компаниясының Екатеринбург–Сочи бағытындағы рейсі шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ұшу барысында борттағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, кейін қайтыс болғаны анықталды.
Қайтыс болған азаматтың кім екені әзірге нақтыланбады. Жедел жәрдем қызметі әуежайға шақырылғанымен, өкінішке қарай, медициналық көмек көрсету мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта ұшақ Ақтөбе халықаралық әуежайында тұр. Рейстің қайта ұшатын уақыты белгісіз. Жолаушылар әуе кемесінде күтіп отыр.
Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар анықтап жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Режиссер Қуаныш Бейсек екінші рет үйленді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Мәйітті басқа жерге апармақ болған»: Алматыда 32 жастағы жігіттің өліміне күдікті қолға түсті
Жаннұр Еділбаева·