Аманкелді Еренғайыпұлының айтуынша, Сауд Арабиясындағы беделді діни ұйым қазақ жерінен шыққан шежірені мұқият сараптаудан өткізіп, нәтижесінде оны мойындаған. Бұл оқиға дінтанушы үшін ғана емес, бүкіл Сейітқожа әулеті үшін тарихи мәнге ие.«Біз Сейітқожа әулетіміз. 16 ғасырдан бергі шежіремізді таптық. Сонымен қатар 19 ғасырдағы қолжазба шежіре де біздің қолымызда. Осы құжаттарды Сауд Арабиясындағы "Пайғамбарлар әулеті" деген ұйымға жібердік. Олар шежіремізді зерттеп, пайғамбар ұрпағы екенімізді растап, ресми құжат табыстады», – деді Аманкелді қажы.
«Біздің дәрежеміз енді арабтармен тең. Олар шежіресімен мақтанады, енді біз де сол деңгейге жеттік», – деді ол.
Алайда желі қолданушылары Аманкелді Еренғайыптың бұл әрекетін қатаң сынға алды. "Қазақ болғанын қор санаған", "Арабты байытқан", "Қажылықты бизнес қылған" деген сынды небір ауыз сөздермен сынап жатыр
Посмотреть эту публикацию в Instagram




