Аргентинадағы аласапыран: су тасқынынан ондаған адам қаза тапты
Фото: Yahoo News Аргентинада су тасқынынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Санаулы сағатта толассыз жауған жауын елдің астаң-кестеңін шығарған. Тасыған өзен көпірлерді қиратып, жолдарды бұзып, тұрғын үйлерді басып қалған. Билік табиғи апаттан келге

Фото: Yahoo News
Аргентинада су тасқынынан кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Санаулы сағатта толассыз жауған жауын елдің астаң-кестеңін шығарған. Тасыған өзен көпірлерді қиратып, жолдарды бұзып, тұрғын үйлерді басып қалған. Билік табиғи апаттан келген зардаптарды жою үшін 10 миллиард песо (9,2 миллион доллар) бөлетінін жариялады.
Қала мэрі Федерико Сусбиэллестің айтуынша, Баия-Бланкадан 1000-нан астам адам эвакуацияланды, ал жақын маңдағы Серри портында тағы 800 адам құтқарылды. Жағдайдың ауыр болғаны сонша, Хосе Пенна ауруханасын жабуға мәжбүр болды, ал неонатология бөліміндегі науқастар армияның қолдауымен басқа медициналық мекемелерге шұғыл түрде қайықпен жеткізілді.
Билік тұрғындарды үйлерінен шықпауға, электр сымдары мен тұрмыстық құрылғыларға жоламауға шақырды. Reuters агенттігінің жазуынша, қауіптің алдын алу үшін бірқатар ауданда электр жарығы өшірілді.
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·