«Әл-Қаидамен» байланысты JNIM (Жамаат Нусрат әл-Ислам уәл-Муслимин) тобы Мали астанасы Бамаконы «толық қоршауға» алатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Топ өкілдерінің мәлімдеуінше, қоршау кезінде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалмауы үшін оларға «жолдан шығып кету» керектігі ескертілген. Бұл – Малидегі қарулы топтар мен үкімет әскері арасындағы қақтығыстың күрт ушығуына әкелуі мүмкін.
Аl Jazeera тілшісі Николас Хактың айтуынша, қазіргі жағдайда әскер мен қарулы топтар арасындағы ашық қақтығыс болуы әбден ықтимал. Бамако – Малидің ең ірі қаласы және саяси орталығы, сондықтан бұл хабарландыру халықаралық қауымдастықтың назарын аударды.




