Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Артында жұбайы мен 5 баласы қалды»: Ақтауда адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның отбасына баспана берілді

Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына баспана берілді, деп хабарлайды todayinfo.kz  Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, марқұмның отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған. Қайғылы оқиға 26 шілде к

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Артында жұбайы мен 5 баласы қалды»: Ақтауда адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның отбасына баспана берілді
Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде суға батып кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына баспана берілді, деп хабарлайды todayinfo.kz  Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, марқұмның отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталған. Қайғылы оқиға 26 шілде күні Каспий теңізінің жағалауында болған еді. Ерлан Шонтабаев суға шомылуға тыйым салынған аумақта теңізге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалған. Үшінші ер адамды құтқармақ болып көмекке ұмтылғанда қатты толқындарға байланысты өзі судан шыға алмай қалған. 6 тамыз күні марқұмның туыстарына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Баспана құрылыс компаниясының қолдауымен берілген. Фото: lada.kz, mangystau.news

Ұқсас материалдар

«Артында жұбайы мен 5 баласы қалды»: Ақтауда адамдарды құтқару кезінде қаза тапқан ер адамның отбасына баспана берілді · Todayinfo