Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Арықтасаңызшы»: Мақпал Жүнісова дене бітіміне қатысты сын айтқан оқырманына жауап берді

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзінің фотосына қатысты пікір білдірген оқырманына жауап беріп, ренішін жасырмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Желі қолданушыларының бірі әншінің соңғы жариялаған суретінің астына: «Мақпал апай, кішкене арықтасаңызш

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Арықтасаңызшы»: Мақпал Жүнісова дене бітіміне қатысты сын айтқан оқырманына жауап берді
Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзінің фотосына қатысты пікір білдірген оқырманына жауап беріп, ренішін жасырмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Желі қолданушыларының бірі әншінің соңғы жариялаған суретінің астына:
«Мақпал апай, кішкене арықтасаңызшы. Спортзалға барыңыз. Тура Бибігүл Төлегенова болып қалыпсыз» — деген пікір қалдырған.
Бұл сөзге өнер иесі бей-жай қарамай, өзінің ұстанымын ашық жеткізді:
«Мен сізге модель емеспін. Бибігүл апама ұқсасам — жаман емес екен», — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Сонымен қатар, әнші бала күніндегі дене бітімі мен отбасындағы ұқсастықтар туралы жылы естелігімен де бөлісті: «Менің бала күнімдегі түріме туған сіңлімнің қызы ұқсайды. Шашым бұйра, топ-томпақ едім. Бауырсақ пен қаймақты күнде жесем де жалықпайтын едім», — деп жазды халық әртісі.  

Ұқсас материалдар

«Арықтасаңызшы»: Мақпал Жүнісова дене бітіміне қатысты сын айтқан оқырманына жауап берді · Todayinfo