Асанәлі Әшімовтің жаназасында мобилографпен жүрген Сәкен Майғазиев сынның астында қалды
Асанәлі Әшімовтің жаназасына мобилограф ертіп барған Сәкен Майғазиев желіде сынға ұшырады. Видео кейін өшірілді.

21 желтоқсанда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Атақты актердің қонағасы мен жаназасына Алматыда көп адам жиналды.
Марқұммен қоштасуға келгендердің қатарында танымал әнші Сәкен Майғазиев те болған. Алайда оның қасына мобилограф ертіп барғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушыларының айтуынша, қонағасы кезінде мобилограф әншінің кімдермен амандасып, кімдерге көңіл айтқанын үздіксіз түсіріп жүрген. Кейін бұл видео әлеуметтік желіге жүктелген.
Дегенмен, көпшілік тарапынан сын көбейген соң, видео өшірілгені айтылып жатыр. Соған қарамастан, талқылау тоқтамады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·