Астанада бірқатар құрылыс компаниясының басшысы Суюншали Мөлдір аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Todayinfo ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, 2021-2024 жылдар аралығында Суюншали Мөлдір өзіне қарасты компаниялар арқылы азаматтардың ақшасын «Nura Elite» коттедждік қалашығын салу сылтауымен тартқан. Жоба бойынша 37 коттедж және 24 таунхаус салу жоспарланған. Алайда таунхаустар әлі күнге дейін аяқталмаған (тек қаңқалары ғана тұрғызылған), дегенмен мердігер нысандарды 2023 жылдың 4 тоқсанына дейін тапсыруға міндеттенген.
ҚМА мәліметінше, іс бойынша 56 адам зардап шеккен. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрайды. Оның 322 млн теңгесі Суюншали Мөлдірдің, оның жұбайының және анасының шоттарына аударылған, ал 145 млн теңгесі қолма-қол алынған.
«Жылжымайтын мүлікті қайта сату фактісі анықталды. Бір коттедж толық төленгеніне қарамастан, күдікті оны жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойып, нысан үшінші тұлғаларға қайта ресімделіп, бірнеше рет сатылған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Суюншали Мөлдір сатып алушылармен жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, бірақ оларға заңды түрде билік етуге құқығы болмаған. Дольщиктердің қаражатының бір бөлігі «Асылхан» тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесін сатып алуға жұмсалған. Алайда құрылысқа рұқсат құжаттары болмағандықтан, ол «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы Перизат Қайраттың атынан БАҚ-та мұқтаж әйелге пәтер беру туралы хабарлаған, бірақ іс жүзінде құрылыс басталмаған.
Қазіргі уақытта құрылысшы үй қамауында отыр, тергеу жалғасуда.




