Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі шегіп алып, жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Елордадан Қостанайға жолаушы апара жатқан жүргізуші сапарға шықпас бұрын есірткі қолданған. Бұл туралы polisia.kz сайты жазады.  Бес жолаушысы бар Toyota Alphard маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары «Жақсы — Есіл-Бұзылық» автожолында тоқтатқан. Ол мобильді қосымшан

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі шегіп алып, жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды
Елордадан Қостанайға жолаушы апара жатқан жүргізуші сапарға шықпас бұрын есірткі қолданған. Бұл туралы polisia.kz сайты жазады. 
Бес жолаушысы бар Toyota Alphard маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары «Жақсы — Есіл-Бұзылық» автожолында тоқтатқан. Ол мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқаны анықталды. Құқық бұзушы кезекті рейсін жасар алдында марихуана есірткісін пайдаланған. Осылайша ол бес жолаушының өміріне қауіп төндірген. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар толтырды. Такси жүргізушісі 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Полицейлер жолаушыларды жақын маңдағы теміржол вокзалына жеткізді. Todayinfo.kz

Ұқсас материалдар

"Астана-Қостанай" тасжолында есірткі шегіп алып, жолаушы тасымалдаған жүргізуші ұсталды · Todayinfo