Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау басталды

Астанада 28 сәуірден бастап дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау басталды. Бұзушыларды коммуналдық арнайы тұрақтарға апарады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Астанада дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау басталды
📷 Дереккөз: orda.kz

Астанада 28 сәуірден бастап дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау басталды. Бұзушыларды коммуналдық арнайы тұрақтарға апарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің түсіндіруінше, дұрыс парктелмеген көліктер жолдарды шамадан тыс жүктеп, қозғалысқа кедергі келтіреді. «Тоқтау және тұру ережелерін бұзу көшелердің өткізу қабілетін 50 пайызға дейін төмендетеді. Бұл кептелістерге әкеліп, қозғалысты шектейді», — деді жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының директоры Марат Садуов.

Процесс толығымен цифрландырылған. Камералар бұзушылықты тіркеп, деректерді полицияға жібереді. Осыдан кейін көлік иесіне eGov Mobile қосымшасында хабарлама келеді, ал эвакуация туралы шешім цифрлық сервистер арқылы ресімделеді. «Егер жүргізуші эвакуатор келгенге дейін көлігін алып үлгерсе, оны алып кетпейді. Бұл жағдайда полицей тек айыппұл жазады», — деп хабарлады әкімдікте.

Егер көлік алып кетілсе, ақпаратты 102 немесе 112 нөмірлері бойынша білуге болады. Көлікті қайтару үшін полиция департаментінен рұқсат алып, арнайы тұраққа бару керек. Эвакуация құны 3 АЕК, сақтау ақысы бөлек төленеді.

Ұқсас материалдар

Астанада дұрыс қойылмаған көліктерді эвакуациялау басталды · Todayinfo