«Қазақстанда барлық азамат заң алдында тең болуы керек. Егер қарапайым адам рұқсатсыз құрылыс бастаса, оны бірден тоқтатады. Ал ірі компанияларға неге көз жұмылады?» – дейді желі қолданушыларының бірі.Азаматтар бұл әрекетсіздікті лауазымды тұлғалардың жауапсыздығы деп бағалап отыр. Қоғам бұл мәселені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы назарға алып, прокурорлық ден қою шараларын қолдануы тиіс деп есептейді. Заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаты бұзылмауы қажет. Рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешендері болашақта азаматтардың мүліктік және құқықтық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Мұндай нысандарда техникалық қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, инженерлік желілердің заңсыз қосылуы немесе меншік құқығын тіркеуде қиындықтар туындауы ғажап емес.
Астанада BI Group рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатыр: акимат үнсіз, прокуратурадан шара талап етілуде
Журналист Асхат Ниязов жүргізген репортажда Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендері көрсетілді. Тексеру барысында белгілі болғандай, кейбір құрылыс нысандарында құқықтық негіздеме жоқ, алайда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,деп хабарлайды 

Журналист Асхат Ниязов жүргізген репортажда Астанада рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендері көрсетілді. Тексеру барысында белгілі болғандай, кейбір құрылыс нысандарында құқықтық негіздеме жоқ, алайда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.
Журналист нысан басында болған сәтін түсіріп, заңсыз салынған құрылыс туралы нақты дәлелдерді көрсетті. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне деген наразылықты күшейтті.
Репортажда BI Group құрылыс компаниясына тиесілі бірнеше тұрғын үй нысандарының рұқсат құжаттарысыз салынып жатқаны атап өтілді. Аталмыш компанияны елге танымал кәсіпкер Айдын Рахимбаев басқарады.
Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары заңсыздыққа жол берген құрылыс компанияларына қатысты қатаң шара қолдануды талап етуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·