Астанада ер адам әйелін өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп аман қалды
Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінде жан түршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. 36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің ең жоғары қабатынан секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген күдікті қ

Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінде жан түршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің ең жоғары қабатынан секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген күдікті қазір тәртіп сақшыларының бақылауында.
Қайғылы оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Пәтер ішіндегі жанжалға балалардың бірі куә болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі ұл – 7 және 10 жастағы балалар анасынан айырылып қалды. Желіде тараған деректерге қарағанда, отбасылық жанжалдың түп-төркіні — қаржы мәселелері болуы мүмкін.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·