Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы өтпей жатыр
Фото: Әшкер telegeam арнасы Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім сарай сатылымға шығарылғанымен, сатып алушылар табылмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Аукцион өтпей қалды Бұған дейін аукцион 25 ақпан күні сағ

Фото: Әшкер telegeam арнасы
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім сарай сатылымға шығарылғанымен, сатып алушылар табылмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Аукцион өтпей қалды
Бұған дейін аукцион 25 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда E-Qazyna веб-платформасында сауда-саттықтың өтпегені туралы хабарланды. Себебі аукцион басталған кезде үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеген.
Зәлім сарайдың сипаттамасыу
Кәрім Мәсімовтің жер үйі елорданың Нұра ауданындағы Ерейментау көшесінде орналасқан. Оның бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, ал кепіл жарнасы 117,9 млн теңгені құрайды. Бұл нысанды сатылымға Қайтарылған активтерді басқару компаниясы шығарған.
Сарайдан тәркіленген құнды заттар
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін дәл осы үйден 17,2 млн доллар қолма-қол ақша, қымбат сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және басқа да құнды заттар тәркіленген болатын. Сарайдың ішінде бассейн, жаттығу залы, би алаңы және кинозал бар.
Кәрім Мәсімовтің сот үкімі
ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
ҰҚКтәркіленген активтерАстана жылжымайтын мүлік.Кәрім Мәсімовсатылымаукционзәулім сараймемлекетке опасыздық
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·