Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада лифтіде сүйіскен еркектер қамалды

Астанада лифт ішінде бір-бірін аймалап, сүйіскен екі ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Todayinfo . Сотта анықталғандай, олардың бірі мас күйде лифтінің есіктерін бірнеше мәрте жұдырықпен ұрып, камераны әдейі зақымдаған. Сот процесінде ол өз кінәсін толық мойындап, әрек

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Астанада лифтіде сүйіскен еркектер қамалды

Астанада лифт ішінде бір-бірін аймалап, сүйіскен екі ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Todayinfo.

Сотта анықталғандай, олардың бірі мас күйде лифтінің есіктерін бірнеше мәрте жұдырықпен ұрып, камераны әдейі зақымдаған.

Сот процесінде ол өз кінәсін толық мойындап, әрекетін алкогольдік масаң күйде жасағанын түсіндірген.

«Оқиға барысы тек құқық бұзушының түсініктемесімен ғана емес, сонымен қатар әкімшілік хаттама, бейнежазба, куәгерлердің түсініктемелері және полиция қызметкерінің баянаты арқылы дәлелденді.

Соттың қаулысына сәйкес, Ш. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі мен 434-бабының 4-бөлігінде көрсетілген тәртіпбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Шығын өтелмеген», – делінген қалалық соттың хабарламасында.

Аталған сот шешімдері әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екі ер адамның лифт ішінде ерсі қылық жасағаны туралы ақпарат тараған.

Ұқсас материалдар