Жұмыстарға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бұл ретте жергілікті полиция қызметі өткен жылы абаттандыру ережелерін бұзған 17 мың адамды анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-тің 505-бабына сәйкес, 70 млн теңге айыппұл төледі.
Сондай-ақ экология департаменті ҚР ӘҚБтК-тің 344-бабы бойынша экологиялық талаптарды бұзушыларға 1 млн 300 теңге сомасында айыппұл салды.
Айта кету керек, барлық қалдықтар арнайы техникамен бірге «Солтүстік жотаның» аумағына шығарылды. Шығарылған арнайы техниканың жалпы саны өткен жылы 20 бірлікті құрады.
Сондай-ақ жүк көлік құралдарының қозғалысын шектеу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ұйымдастырудың алдын алу үшін Астанада тыйым салатын жол белгілері орнатылды: Айтматов, Сығанақ, Тұран, Мәңгілік ел көшелерінің (Қарлығаш балабақшасы аумағында), Қабанбай батыр даңғылының (Пригородный кенті және әуежай аумағында) бойындағы съездерге жалпы саны — 51 учаскеде; Нұрлы жол вокзалы аумағында, Тельман кентінде және А62 көшесі аумағында 41 учаскеде.
Биыл Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиналатын орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін жалпы бейнебақылау камераларының саны ұлғайтылды.




