Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада қашықтан оқу жарияланды: 17 желтоқсанда кімдер үйде қалады?

Астанада қыс қаһарына мінді. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты елордалық білім басқармасы мектеп оқушыларының сабақ кестесіне өзгертулер енгізу туралы шұғыл шешім қабылдады. Синоптиктердің болжамы расталып, қалада боран соғып, аяз күшейіп тұр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтам

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Астанада қашықтан оқу жарияланды: 17 желтоқсанда кімдер үйде қалады?

Астанада қыс қаһарына мінді. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты елордалық білім басқармасы мектеп оқушыларының сабақ кестесіне өзгертулер енгізу туралы шұғыл шешім қабылдады.

Синоптиктердің болжамы расталып, қалада боран соғып, аяз күшейіп тұр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты ведомство ертең, яғни 17 желтоқсан күні оқу процесін онлайн форматқа ауыстыруды жөн көрді.

Кімдер қашықтан оқиды?

Астана қаласы білім басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, шектеу шаралары әзірге тек таңертеңгілік ауысымға қатысты:

  • Күні: 2025 жылғы 17 желтоқсан;

  • Ауысымы: Бірінші ауысым (I смена);

  • Сыныптар: 0-6 сынып оқушылары.

Демек, даярлық топтары мен бастауыш және орта буынның 6-сыныбына дейінгі оқушылар мектепке бармайды, сабақ үйден, онлайн режимде өтеді. Екінші ауысым туралы ақпарат ертең күн райына байланысты қосымша хабарлануы мүмкін.

Даладағы қауіп: дәрігерлер не дейді?

Қала көшелерінде жел күшейіп, көктайғақ және үскірік аяз байқалады. Осыған орай, қалалық травматология мамандары тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Бас штаттан тыс травматолог Алексей Солодтың айтуынша, мұндай күндері жарақат алу қаупі еселене түседі. Маман ата-аналарға балаларды жылы киіндіріп, көшеде жүргенде тайғақ жерлерден абай болуды, мүмкіндігінше қажетсіз далаға шықпауды ескертеді.

Ұқсас материалдар

Астанада қашықтан оқу жарияланды: 17 желтоқсанда кімдер үйде қалады? · Todayinfo