Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада жас жігіт бұрын қызын өлтіріп, бауырын жарақаттаған

Millennium Park» тұрғын үй кешенінде орын алған қайғылы оқиға жұртшылықты есеңгіретіп тастады. Кешкі сағат 20:30 шамасында пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылып, оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеді,деп хабарлайды Todayinfo .  Бұрынғы жігіті күдік

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Астанада жас жігіт бұрын қызын өлтіріп, бауырын жарақаттаған

Millennium Park» тұрғын үй кешенінде орын алған қайғылы оқиға жұртшылықты есеңгіретіп тастады. Кешкі сағат 20:30 шамасында пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылып, оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеді,деп хабарлайды Todayinfo

Бұрынғы жігіті күдікті ретінде қарастырылуда

Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмға оның бұрынғы жігіті шабуыл жасаған. Қылмыс жасалған сәтте көршілер пәтерден қатты айқай-шу естігенін айтып отыр. Оқиғадан кейін күдікті адам айналасындағыларға пышақпен шабуылдаған.

Жәбірленушінің інісі де зардап шекті

Күдіктінің қолынан қаза тапқан қыздың кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, балалар алаңқайынан табылған. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаменті ресми түсініктеме берді

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, пәтерден пышақ жарақатымен қайтыс болған қыздың денесі табылған. Сонымен қатар, оның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

«Пәтерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Қыздың зорлық белгілерімен мәйіті табылды. Оның кәмелетке толмаған інісі де пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы толық анықталуда», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды қолға алды.

Ұқсас материалдар

Астанада жас жігіт бұрын қызын өлтіріп, бауырын жарақаттаған · Todayinfo