Үй қалпына келтіріледі: Астана әкімдігі баспанасыз қалған тұрғындарды қонақ үйге орналастыруға дайын
Астана қаласының әкімдігі «7 бочек» тұрғын үй кешенінде болған өртке байланысты зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қажет болған жағдайда азаматтарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыру ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әкімдік зақымданған қасбет, подъезд

Астана қаласының әкімдігі «7 бочек» тұрғын үй кешенінде болған өртке байланысты зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қажет болған жағдайда азаматтарды қала қонақүйлеріне уақытша орналастыру ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әкімдік зақымданған қасбет, подъездер және басқа да жалпы пайдаланымдағы аймақтар бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізуді жоспарлап отыр. Тиісті құрылыс бригадалары тартылып, жұмыс жақын арада басталады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
4 маусым күні сағат 00:26-да «7 бочек» тұрғын үй кешенінің (Сығанақ көшесі, 23) сыртқы қаптамасының жануы туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу Астана қаласының әкімдігі, Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) және Полиция департаменті (ПД) бірлесіп жедел штаб құрды. ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт тез арада сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мұндай төтенше жағдайлар кезінде жергілікті атқарушы органдар зардаптарды жою және тұрғындарды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған дейін, мысалы, Бұланты көшесі, 14-үйдегі апатты жағдай кезінде тұрғындар жаңа пәтерлермен қамтамасыз етілген болатын.
Астана қаласының әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады.
Ұқсас материалдар

Астана
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Жаннұр Еділбаева·

Астана
Nazarbayev University пәтерінен қару табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Todayinfo редакциясы·

Астана
Астанада Жеңіс күні әскери техника көрмесі мен концерттер өтеді
·

Астана
Астана презентовала подготовку к чемпионату мира по настольному теннису в Лондоне
Жаннұр Еділбаева·