Желіде 29 жастағы ер адамның ата-анасын өз үйінен шығарып жібергені туралы жазбасы үлкен резонанс тудырды. Threads желісінде “sertygg22” атты қолданушы бұл шешімінің себебін түсіндіріп, оқырмандардан пікір сұраған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол бірнеше жыл бойы жұмыс істеп, ақша жинап, ешкімнің көмегінсіз пәтер сатып алған. “Бұл мұра да емес, ипотека да емес. Өз еңбегіммен таптым”, – дейді ол. Бір ай бұрын ата-анасы үйлеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға тұра тұруға рұқсат сұраған. Бірақ уақыт өте олар үйге “иелік ете бастаған”.
“Анам күн сайын менің кеш тұрғаныма ашуланды, әкем болса жиһаздың орнын өзгертіп, достарын үйге шақырып, асүйде балық қуырып, иіс екі күн шықпай қойды. Ақыры шыдамым таусылып, ‘Бұл менің үйім, мен сіздерді жақсы көрем, бірақ осылай жалғаса алмаймын’ дедім. Олар ренжіп кетіп қалды, ал туыстарым мені ‘рақметі жоқ бала’ деп айыптап жатыр”, – деп жазған ер адам.
Ол жазба соңында оқырмандардан: “Мен ата-анам үшін өз үйімді коммуналкаға айналдыруға міндеттімін бе? Әлде шектен шықтым ба?” деп сұраған.
Бұл оқиғаға пікір білдірген қолданушылар екіге бөлінді.
Бірінші топ ер адамның әрекетін қатігездік деп бағалады:
“Сасық иіс кетеді, бірақ ата-ананың жүрегіндегі жара жазылмайды.”
“Олар 29 жыл сізге шыдады, сіз де бір айға шыдай алмағансыз.”
“Анаңыз сіз үшін ұйқысын құрбан етті, енді сіздің алғысіңіз — есікті көрсету ме?”
Ал екінші топ, керісінше, авторды қолдады:
“Баланы туу – ата-ананың таңдауы, ал жеке шекараны қорғау – баланың құқығы.”
“Ол өз үйінде иесі, ата-анасы қонақ ретінде құрмет көрсетуге тиіс.”
“Жеке кеңістік — қасиетті ұғым. Автор бәрін дұрыс істеген.”
Жазба астында мыңдаған пікір қалдырылған. Көпшілік бұл оқиға арқылы “жеке шекара мен отбасы сыйластығының арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек?” деген күрделі сұрақты талқылай бастады.




