Todayinfo.kz
Саясат

«Атажұрт» белсенділерінің айқайы: ту өртеп қамалғандардың туыстары билікке талап қойды

Фото: todayinfo Қытайдың туын өртеп, істі болғандардың әйелдері Алматыда жиын өткізді. «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бабымен қамауда жатқан қазақтардың жесірлері тіркелмеген «Атажұрт» ұйымы арқылы шағымдарын айтты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Серікжан Біләшті бетк

Авторы Әмірболат Құсайынұлы··3 мин оқу
«Атажұрт» белсенділерінің айқайы: ту өртеп қамалғандардың туыстары билікке талап қойды
Фото: todayinfo Қытайдың туын өртеп, істі болғандардың әйелдері Алматыда жиын өткізді. «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бабымен қамауда жатқан қазақтардың жесірлері тіркелмеген «Атажұрт» ұйымы арқылы шағымдарын айтты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Серікжан Біләшті бетке ұстаған ұйымның мүшелері мен бір топ әйел соттың баяу жүріп жатқанына шағымданып, құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұрайтындарын, қамаудағылар босамай тынышталмайтындарын айтты. Олар алты айға жуық уақыттан бері қамауда отырған 19 адамды босатуды талап етті. Өзге елдің туын өртеп, істі болғандардың соты жабық есік жағдайында жүріп жатыр.   Тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының мүшесі Дина Нұрдыбайдың сөзінше, белсенділердің істі болып, қамауға алынуы олардың отбасыларына ауыр тиген. Сөзінше, барлығы дерлік отбасының жалғыз асыраушысы. Қазір қамаудағы жігіттердің жағдайы нашар.
«Бейсенәлі Ақжігіт деген кісі ұсталып отыр. Ол кісінің бес баласы бар. Бір баласы мүгедектігімен тіркеуде тұр, денсаулығы жоқ. Барлық отбасыларда қиындық болып жатыр. Марғұлан Нұрданғазының ауырады, босанайын деп жатыр. 23 жастағы жап-жас әйелдің жүрегінен ақау шығып, бүгін келу керек еді, келе алмай қалды. Барлығы отбасыларының жалғыз асыраушылары. Барлығы қиналып жатыр. Беделхан Қабіләшімнің жеті баласы бар. Әйелі сегізіншісіне аяғы ауыр», – деді жиында Дина Нұрдыбай.
Дина Нұрдыбай қылмысқа барған белсенділерді «отбасылық жағдайына қарап, шартсыз түрде болатуы керек» екенін айтты. Олардың пікірінше, қандастар қылмыс "жасамаған". Тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтханның әйелі Нұргүл Ибраева күйеуін тезірек босатуын талап етіп, құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұрады. Оның сөзінше, күйеуінің денсаулығы мәз емес, отбасылық жағдайлары да қиын.
«Мен барлық жерлерге барып, күресімді тоқтатпаймын. Қазақ билігі бостандыққа шығарады деп үміттенемін. Барлық құқық қорғау органдарынан, ұйымдарынан Бекзат Мақсұтханұлын бостандыққа шығаруын сұраймын, талап етемін», – деді Нұргүл Ибраев.
Баспасөз мәслихатына келгендер белсенділердің денсаулығына алаңдап отырғанын, оларды босатпайынша тыныш отырмайдындарын ашық айтты. Белсенді Тұрсынбек Қабидің әйелі Оралхан Әбен күйеуім азаматтық позициясын білдіргені үшін қамауға алынды дейді.
«Күйеуім 2017 жылы Қытайға барғанда құжаттарын тартып алып, екі жылға жуық уақыт жібермей, түрмеге қамаған, азаптаған, ұрған. Екі құлағының пердесін жыртқан. Екі аяғынан баса алмаған. Бір квадраттық цементпен қоршалған жерге қамаған. Денсаулығының барлығын құртқан. Енді міне қазақ еліне келіп, қазақ билігі қамап отыр. Мен күйеуімнің денсаулығына қатты алаңдаймын», – деді ол.
Оралхан Әбен сөзінше, күйеуін аяғына ота жасатамыз деп жүргенде қамауға алған. Былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында «Атажұрт» ұйымының белсенділері наразылық акциясын өткізген. Олар  Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шығып, Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып,  «түзету лагеріне»қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді. Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Оқиғадан кейін полиция «Атажұрттың» 19 белсендісін ұстап, әуелі «Бұзақылық» бабымен әкімшілік жауапқа тартып, кейін «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бабымен қылмыстық іс қозғаған. Ұйым мүшелерінің сөзінше, түсінігінше, өзге елдің басшысы мен туын өртеу қылмыс емес. Қазір белсенділердің 13-і тергеу изоляторында, тағы алтауы үйқамақта отыр. Сот биыл қаңтарда басталған. Істі Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты қарап жатыр. Процесс сотталушылардың бірінің “өтініші” бойынша жабық өтіп жатыр. Келесі сот отырысы 2-сәуірде өтеді.

Ұқсас материалдар