Атырау облысында 68 жастағы әйел жаяу жүргіншілер көпірінен құлап, көз жұмды.

Қайғылы жағдай 22 мамыр күні Мақат ауданында тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, әйел Мақат кенті мен Байгетөбе ауылының арасын жалғайтын көпірде құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жедел жеткенімен, әйелдің өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.