Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Атырауда дрондар 320-тан астам құқық бұзушылықты анықтады

Атырау облысында дрондар арқылы жыл басынан бері 320-дан астам құқық бұзушылық анықталды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Атырауда дрондар 320-тан астам құқық бұзушылықты анықтады

Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологияларды, соның ішінде дрондарды қолданып келеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Дрондар облыстың жеті ауданы мен Атырау қаласының аумағында тұрақты түрде бақылау жүргізіп, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері бұл құрылғылардың көмегімен адам көп шоғырланатын орындарды, қоғамдық аумақтарды және жол қозғалысын әуеден бақылап, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етеді.

Жыл басынан бері дрондардың көмегімен өңірде 320-дан астам түрлі құқық бұзушылық анықталып, заңға сәйкес шаралар қабылданды. Мереке және демалыс күндері бақылау күшейтіліп, саябақтар, жағалаулар және демалыс аймақтары ерекше назарға алынады.

Ұқсас материалдар