Бір отбасын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу ресми түрде тоқтатылды. Тергеу барысында оның әрекеттерінен қылмыс құрамы анықталған жоқ. Мамандар оның жағдайын толық анықтау үшін қосымша тексеріс қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қылмысты жасырып қалды деген күдікке ілінген болатын. Astana TV телеарнасының тілшісі Базаргүл Нәдірқызының мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша бұл күдік расталмады.
Істі тоқтату туралы ресми шешімді өңірдің қадағалау органы жариялады.
"Тергеу нәтижесінде Мұқанғалиеваның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, 2026 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды", – деді облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен.



