9 мамыр – Жеңіс күніне орай Атырау тұрғындары сұрапыл соғыста қаза тапқандарды еске алып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты.

Қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар боздақтар рухына тағзым етті.

Еске алу шарасына облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, тыл еңбеккерлері, әскери бөлім сарбаздары, Ауған соғысы, Тәжік-Ауған қақтығысы мен Чернобыль апатының ардагерлері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.




