Атырауда өлтірілген Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, Сұлтан Сәрсемәлиев оларды пышақтап өлтірген. Ал оның бұл қылмысқа баруына отбасылық жанжал себеп болған. “
Атырауда өлтірілген Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Сұлтан Сәрсемәлиев оларды пышақтап өлтірген. Ал оның бұл қылмысқа баруына отбасылық жанжал себеп болған.
“Төрт адамды өлтіруге ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған. Тергеу екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр және министрліктің бақылауында”, – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Қазір тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар отбасының кенже қызының қылмысқа қатысы болуы мүмкін екені тексеріліп жатыр. Оның психикалық жағдайын анықтау үшін ол сот-психиатриялық сараптама жүргізу мақсатында медициналық мекемеге жіберілді.
ІІМ мәліметінше, қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы – құқық қорғау органдары жұмысының негізгі қағидаларының бірі.
Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, кешке Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері отбасыға Геолог ықшамауданындағы үй маңынан мәйіттердің табылғаны туралы хабарлаған. Күдікті бұған дейін дәл сол жерде айына шамамен 50 мың теңгеге уақытша баспана жалдап тұрған.
“Әрине, бізге өте ауыр. Оның ұсталғанын естігенде Мирамгүл мен Наурыз тірі шығар деп үміттендік. Бірақ кеше олардың да өлтірілгенін айтты. Қазір мәйіттер мәйітханаға жеткізілді, сараптама жүргізіледі. Кешке дейін бізге береді деп уәде етті, сонда жерлей аламыз”, – деді марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиев.
Отбасының сөзінше, жерлеу рәсімін Жангелдин ауылында – ата-анасының қабірінің жанында өткізу жоспарланып отыр.