Атырауда түнгі барлардың бірінде ер адамды қатты соққыға жыққан сәттің видеосы желіде тарап кетті.
Оқиға 18 қаңтар күні «Зиллон» түнгі барында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал дәретханада басталған. Содан кейін екі ер адам бір адамға шабуыл жасап, олардың бірі ерекше қатыгездік танытқан.
Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әлі пікір білдірген жоқ.
Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаның расталғанын хабарлады. Сол күні 102 пультіне төбелес туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 32 және 33 жастағы екі ер адам күдікті ретінде ұсталды.
Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Фото: скрин




