Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Атыраудағы Binom мектебінің алдында қайғылы оқиға: 7 жасар қыз көз жұмды

Атырау қаласындағы Binom мектебінің маңында жол апаты болды. Көлік қаққан жеті жасар қыз оқиға орнында көз жұмды. Полиция тергеу бастады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Атыраудағы Binom мектебінің алдында қайғылы оқиға: 7 жасар қыз көз жұмды

Атырау қаласындағы Binom мектебінің жанында жеті жасар қызды көлік қағып, оқушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 6 сәуір күні таңертең Нұрсая шағын ауданындағы Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Атыраудағы Binom мектебінің алдында қайғылы оқиға: 7 жасар қыз көз жұмды · Todayinfo