Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Автобус апатында аяғынан айырылған Алуа Бекен екі рет ота жасатқан, гангрена қаупі әлі де бар

Астанада 2 маусымда орын алған жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған 8 жастағы Алуа Бекен екі аяғынан айырылды. Қыздың нағашы ағасы Бақтияр Instagram желісінде @ help.aluabeken парақшасын ашып, туысының жағдайы туралы хабарлап отыр,  деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық аге

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Автобус апатында аяғынан айырылған Алуа Бекен екі рет ота жасатқан, гангрена қаупі әлі де бар

Астанада 2 маусымда орын алған жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алған 8 жастағы Алуа Бекен екі аяғынан айырылды. Қыздың нағашы ағасы Бақтияр Instagram желісінде @help.aluabeken парақшасын ашып, туысының жағдайы туралы хабарлап отыр,  деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алуаға алғашқы ота 2 маусымда, екіншісі 9 маусымда жасалды. Екінші ота гангрена қаупінің алдын алу үшін қажет болған. Бақтиярдың айтуынша, бір аяғы апат кезінде жұлынып кеткен, ал екіншісі жарамсыз болып қалған.

“Алуа қатты өзгеріп кетті. Бұрын белсенді, көңілді, өмірге құштар болатын. Қазір үндемейді, тіпті анасымен сөйлеспейді”, – деп жазады Бақтияр.

Қыздың туыстары Алуаны Германияда оңалтуға жіберуді жоспарлап отыр. Ол үшін заманауи бионикалық протез қажет. Оның құны 32 мың еуро (шамамен 20 млн теңге) көлемінде. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақталса да, гангрена мен сепсис қаупі сақталып отыр.

“Жалпы оңалту бір жылға дейін созылады. Алуа протезбен жүруді қайта үйренуі керек”, – дейді Бақтияр.

H2: Алуа көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан

Алуа – бес балалы жалғызбасты ана Махаббаттың үшінші перзенті. Анасы мен әкесі ажырасқан, алимент мардымсыз. Отбасы бұрын Ақмола облысындағы Егіндікөл ауылындатұрған. Анасы жұмыс таңдамай, күн-түн демей жұмыс істегенімен, әлеуметтік көмекке тіркелмеген.

“Махаббат ешқашан шағымданбады, жеңілдетілген баспана сұрамады. Ол өз балаларын өзі асырады”, – дейді туыстары.

2 маусым күні Алуа мен оның туыстары Астанада MEGA Silk Way сауда орталығынан шығып, №10 автобусқа отырған. Апат салдарынан Алуа ауыр жарақат алды. Оның әжесі де жараланып, 10 маусымда ауруханадан шықты.

Қазір отбасы бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Балалардың күтімі мен медициналық шығындар ағайын-туыстың көмегімен өтелуде.

Ұқсас материалдар

Автобус апатында аяғынан айырылған Алуа Бекен екі рет ота жасатқан, гангрена қаупі әлі де бар · Todayinfo