Аягөзде полицейді көлік қағып мерт қылды
Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді, деп хабарлады КТК телеарнасы. 35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталды. Жол апаты Аягөз ауданында болған. Мас жүргізуші жы

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді, деп хабарлады КТК телеарнасы.
35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталды.
Жол апаты Аягөз ауданында болған. Мас жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көлігімен сол маңдағы дүкендердің біріне соғылған.
Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істегені белгілі болды. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Дело об убийстве в Жангелдине: часть подозрений снята, расследование продолжается
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жительницу Жамбылской области осудили за перевозку наркотиков из Таиланда
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Психологам в Казахстане запретят назначать лекарства
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Ұрығын қатырып қойған»: танымал журналист күтпеген мәлімдеме жасады
Айғаным Нариманова·