Коллаж: Todayinfo.kz Өзбек әншісі Юлдуз Усманова ажырасқан әйелдерді унитазға теңеді. "Өзбек эстрадасының примадоннасы" және "өзбек эстрадасының патшайымы" атанған әнші артық сөйлеп, әйелдер қауымының өткір сынына қалды, деп жазады Todayinfo.kz порталы. «O 'zbekiston Qirolic
Коллаж: Todayinfo.kz
Өзбек әншісі Юлдуз Усманова ажырасқан әйелдерді унитазға теңеді. "Өзбек эстрадасының примадоннасы" және "өзбек эстрадасының патшайымы" атанған әнші артық сөйлеп, әйелдер қауымының өткір сынына қалды, деп жазады Todayinfo.kz порталы.
«O 'zbekiston Qirolichasi» өзбек эстрада әншісі, композитор, ақын-әнші, продюсер, Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында наразылық толқынын тудырған өткір сөздерімен жанжалдың ортасында қалды. Бұл жолы әнші ажырасқан әйелдердің мәртебесін талқылау кезінде қорлайтын сөздер қолданған. Әнші көпшілік алдында әйелдерге ажырасуға болмайды деп мәлімдеді. Өнер иесінің айтуынша, ажырасқаннан кейін көрінген еркек қадірсіз, бойдақ, жесір әйелге «жабысады».
Өз сөзінде Усманова ажырасқан әйелдерді тұрмыстық заттармен, атап айтқанда дәретханамен салыстыра отырып, өте жаман метафораны қолданды.
«Ерден ажырасқан әйелдерге бәрі келіп асылады. Унитазға ұқсайды, кім көрінген келіп си...п кетеді, анайы түрде айтқанда. Әйелдер өздеріңізді құрметтеңіздер. Ері жоқ әйелге Бұқарадан қарға келіп, басына т... п кетеді деген мақал бар. Ерің болғаны жақсы, қай тілде айтайын. Еркектердің ішінде жақсы еместері бар, оны аталарымыз, апаларымыз секілді тәрбиелеп алу керек», - деді Юлдуз Усманова.
Оның бұл сөзі әйелдер арасында дау туғызды. Тіпте кейбір әйелдер Усманова мен оның қызының күйеуін сынап, бетіне басты.
«Сіз альфонс еркектермен жүргенсіз, сондықтан барлық еркектер жайлы білмейсіз. Әйелдердің беделі жайлы сөйлепсіз. Сіз Өзбекстандағы ең жағымпаз әртіссіз. Бір президенттен екінші президентке жағымпазданып жүресіз», - деп жазды оқырмандар.