Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы биатлоннан тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Биатлоншылар 4x7.5 шақырымдық бағдарламада сынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста мәрег

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Азиада-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
Фото: olympic.kz Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы биатлоннан тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Биатлоншылар 4x7.5 шақырымдық бағдарламада сынға түсті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдені еншіледі. Құрама сапында бұл бәсекеге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев қатысты. Ал алтын жүлдені Жапония спортшылары ұтты. Үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді. Осылайша Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында биатлоншылар төрт медаль жеңіп алды. Спринт бәсекесінде Владислав Киреев алтын алса, Вадим Куралес күміске қол созды. Ал әйелдер құрамасы эстафетада қола жүлдені ұтса, ерлер күміс медаль иеленді.

Ұқсас материалдар

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы қоржынына тағы бір күміс медаль түсті · Todayinfo