«Бәйтерек» сыртқы нарықтан қаржы тартпақ
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл – қолданыстағы қарыз алу бағдарламасы аясындағы төртінші орналастыру. Облигациялар доллармен номинацияланады

"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – қолданыстағы қарыз алу бағдарламасы аясындағы төртінші орналастыру.
Облигациялар доллармен номинацияланады — әрқайсысы 1000 доллардан. Жалпы саны 500 мың бағалы қағаз шығару көзделген. Бұл — классикалық купондық облигациялар, яғни инвесторларға пайыздар тұрақты түрде төленіп отырады.
Маңызды тұсы — облигациялар қамтамасыз етілмеген. Яғни қаржы холдингтің беделі мен қарызды қайтару қабілетіне деген сенім негізінде тартылады.
Осылайша, холдингтің 2025 жылғы наурызда уәде еткен экономиканың нақты секторын несиелеуге арналған 8 триллион теңгені қайдан алатыны айқындала түседі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Пенсионные накопления станет сложнее изъять: что изменится с 5 июня
Жаннұр Еділбаева·