Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Бағы тайған Бажкенова: Orda.kz порталының Бас редакторы соттың шешімімен мырзақамаққа алынды

Фото: әлеуметтік желіден Сот Orda.kz сайтының Бас редакторына қатысты екі ай мерзімге үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот шешімі 1 желтоқсанда кештетіп шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Адам хаб

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Бағы тайған Бажкенова: Orda.kz порталының Бас редакторы соттың шешімімен мырзақамаққа алынды
Фото: әлеуметтік желіден Сот Orda.kz сайтының Бас редакторына қатысты екі ай мерзімге үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот шешімі 1 желтоқсанда кештетіп шығарылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Адам хабарлады. Сол күні полиция Бажкенованың кеңсесінде және тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізген еді. Оған қатысты "көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана таратты" деген айыптар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полицияның мәліметінше, екі эпизод алдын ала белгіленген: пара алу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерін ұстау туралы 2024 жылы басылым жалған ақпарат таратқан. Полиция ондай іс орын алмағанын және бұл басылым қызметкердің іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін хабарлады. Екіншісінде мүлік дауы: онда полиция мәліметтері бойынша залалдың мөлшері мен себебі туралы бұрмаланған және дұрыс емес мәліметтер келтірілген. Ал Бажкенованың өзі болса Orda.kz сайтына талас жүріп, қысымға ұшырап жатқанын бірнеше рет мәлімдеген еді. Алматының элиталы аудандарынан Бас редактордың сатып алған қымбат пәтерлері бүгінде бұғатталған. 

Ұқсас материалдар

Бағы тайған Бажкенова: Orda.kz порталының Бас редакторы соттың шешімімен мырзақамаққа алынды · Todayinfo