Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының жаңа төрағасы сайланды

«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының төрағасы сайланды. Жиында бір ауыздан филиал төрағасы болып кәсіпкер Алма Қараш сайланды, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Байтақтықтар V партиялық конференция өткізіп, өзгеде жоспарларымен бөлісті. Жаңа жетекші қоғам қайратк

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының жаңа төрағасы сайланды
«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының төрағасы сайланды. Жиында бір ауыздан филиал төрағасы болып кәсіпкер Алма Қараш сайланды, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Байтақтықтар V партиялық конференция өткізіп, өзгеде жоспарларымен бөлісті. Жаңа жетекші қоғам қайраткері және экология мен қалалық даму саласында белсенді жұмыс істеп жүрген кәсіпкер. Оның бастамасымен филиал Алматыдағы ластануды азайтуға және заманауи экологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған «Алматыға таза ауаны қайтарамыз!» атты қалалық экологиялық бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.
«Жасыл Байтақ» партиясы Алматыдағы экологиялық жағдайды өзгертуге белсене кіріспек. Қалада түтін, көлік эмиссиясы және ескірген жылыту жүйелері миллиондаған тұрғынның денсаулығына қауіп төндіріп келеді. Біз заманауи технологияларды ұсынамыз: ауа сапасын бақылау, ластану деңгейінің цифрлық карталары, көлік қозғалысын смарт-реттеу және экологиялық қоғамдық көлікке көшу», — делінген партияның мәлімдемесінде.
«Мен Алматының экологиялық ахуалын жақсару бойынша жұмыс істеймін. Қаланың ауасы толық ластанып, шегіне жетті. Жаңа технологияларды енгізіп,  Қытайдың, Францияның тәжірибесін қолдану керек. Инвестор арқылы экологияны жақсартатын алып «Шаңсорғыш» аппараттарын қою керек. Оны мен Шанхайда және Үндістанда көрдім. Шаңсорғыш лас ауаны сорып алып, таза ауа қылып таратады. Колледж, мектеп, адам көп жүретін жерлерде орнатылған. Осы жүйені Алматыға енгізу керек», — деді филиалдың жаңа төрағасы Алма Қараш. Алматы филиалының «Байтақ» партиясы конференциясында жаңа саяси кеңестің жаңа құрамы сайланды.  Оның құрамына: • Абай Сагитов – ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы; • Бекнұр Қисоқов – жазушы, экономист және қоғам қайраткері; • Сапар Аманжолұлы — «Ұлы Даланың жасыл елшісі»; • Алма Қараш, филиал төрайымы болып сайланды. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың сөзінше, Алматыға 1500 дана «Шаңсорғыш»  орнату керек. Оның құны шамамен 150 млн доллар тұрады. Инвестордан бөлек ауаны жақсартуға халықтың өзі де ат салыса алады. Ол үшін қаржы жинайтын арнайы қор құру керек деп санайды байтақтықтар.

Ұқсас материалдар

«Байтақ» жасылдар партиясы Алматы филиалының жаңа төрағасы сайланды · Todayinfo