Министр осындай әлемдік концерттердің Қазақстанның халықаралық аренадағы мәдени имиджін арттырудағы рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл Димаш Құдайбергеннің концерттеріндегідей шетелдік қонақтардың қызығушылығын арттыруы мүмкін.«Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана—қуана барамын. Өйткені, оның аудиториясы кең, әлемдік мойындатқан таланты бар. Оны өз көзімізбен көргіміз келеді. Мен билет алдым, балаларыммен бірге осы концертке барамын», – деді Аида Балаева.
«Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде де көптеген шетелдік көрермендер келген болатын. Осындай жобалар елді танымал етуге ықпал етеді. Болашақта Шакира, Лара Фабиан сынды жұлдыздарды да елімізде көрсек, қуанар едім», – деді министр.
Аида Балаеваның бұл мәлімдемесі отандық мәдениет саласының ашықтығы мен халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетеді.




