Todayinfo.kz
Білім

Баланы балабақшаға тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Оқу-ағарту министрлігі баланы балабақшаға тіркеу үшін қажет құжаттар тізімін жариялады. Ведомствоның мәліметінше, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жыл бойы қабылдайды. Кезекке тұру үшін ата-аналар eGov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. Қажетті құжаттар тізімі: Жолдама (бал

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Баланы балабақшаға тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

Оқу-ағарту министрлігі баланы балабақшаға тіркеу үшін қажет құжаттар тізімін жариялады. Ведомствоның мәліметінше, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жыл бойы қабылдайды. Кезекке тұру үшін ата-аналар eGov.kz порталы арқылы өтініш бере алады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Жолдама (балаға нақты балабақшадан орын бөлінгенін растайтын құжат);

  2. Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;

  3. Ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірмесі);

  4. Бала туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірмесі);

  5. Екпе картасы – № 065/е форма;

  6. Бала денсаулығының паспорты – № 052-2/у форма;

  7. Медициналық анықтама – № 027/у форма (бала тіркелген емханадан);

  8. ПМПК қорытындысы – егер балада ерекше білім беру қажеттілігі болса.

Қай жас аралығындағы балалар қабылданады?

Мемлекеттік балабақшаларға 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Ал ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар балабақшаға қабылданбайды – олар 1 тамызға дейін балабақшадан шығарылып, 1-сыныпқа қабылданады.

Тек ПМПК қорытындысы бар балалар ғана мектепке баруды кейінге шегере алады.

Жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлу:

  • 1 жасқа толатындар – ерте жастағы топқа;

  • 2 жасқа толатындар – кіші топқа;

  • 3 жасқа толатындар – ортаңғы топқа;

  • 4 жасқа толатындар – ересек топқа;

  • 5 жасқа толатындар – мектепалды (дайындық) тобына.

Еске сала кетейік, бұған дейін ваучерлік қаржыландыру жобасы аясында 2025/2026 оқу жылына баланы балабақшаға қалай тіркеуге болатыны туралы жазған болатынбыз.

*ПМПК – психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес.

Ұқсас материалдар