Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Басты кейіпкері өзіммін, ұмытпаңдар!»: Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді

Facebook/aigulorynbek Заңгер Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді. Танымал қоғам қайраткері Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo. «Сыртқа шығып, аздап тынығып, ем алып келемін дегенім сол еді — бұл жақта біразың Айгүл Орынбектанушы болып кеті

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Басты кейіпкері өзіммін, ұмытпаңдар!»: Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді
Facebook/aigulorynbek
Заңгер Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді. Танымал қоғам қайраткері Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Сыртқа шығып, аздап тынығып, ем алып келемін дегенім сол еді — бұл жақта біразың Айгүл Орынбектанушы болып кетіпсіңдер ғой! Өзім де білмей жүрген “қасиетімді” сендер ашып, маған өзімді қайта танытып жатырсыңдар. Мына қарқынмен ескерткіш қойып, көше беріп жіберулерің ғана қалыпты… Қытайдың интернеті құрғыр дұрыс ұстамай қойды — сондықтан жазғандарыңды шәйі ішіп отырып, рахаттанып оқи алмадым. Ал сендер менің атымды күні-түні шайнап, бар бәлені маған жауып, өздеріңше “әшкерелеп” әлек болдыңдар. Жарайды, жалғастыра беріңдер. «Ұлы Айгүл» туралы сериал әлі бітпеген сияқты ғой. Бірақ бәріңе ескерту — басты кейіпкер мен екенімді ұмытпаңдар! Сендердің режиссерлерің кім екенін мен жақсы білем… Ал менің фильмімнің режиссері де, сценарисі де — өзім», — деп жазды заңгер.

Ұқсас материалдар

«Басты кейіпкері өзіммін, ұмытпаңдар!»: Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді · Todayinfo