Қостанай қаласының білім бөлімін басқарған Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке ілініп, сот шешімімен екі айға қамауға алынды.
Тергеу органдарының мәліметінше, білім саласына бөлінген қаражат мектептер деңгейінде мақсатсыз пайдаланылып, жымқыру фактілері тіркелген. Осы іс аясында Оразбаеваға Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша күдік тағылып отыр.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр: іс бойынша тінту әрекеттері ұйымдастырылған, ал сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.




