Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, үйге найзағай түскен, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді".

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі




