Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Түсіністік пен бейбітшілік: Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа жедел хат жіберді

Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Түсіністік пен бейбітшілік: Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа жедел хат жіберді
📷 Фото: shyndyk.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. 

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Ұқсас материалдар