Қазақстанның ерлер су добы құрамасы Қытайдың Санье қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия пляж ойындарында Иранмен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде қазақстандық ватерполистер 2:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезең де біздің құраманың пайдасына шешілді – 5:4. Алайда үшінші кезеңде ирандықтар 3:2 есебімен басым түсті. Төртінші кезеңде Иран тағы да жеңіске жетіп, 2:0 есебін жасады. Нәтижесінде негізгі уақыт кезеңдер бойынша 2:2 есебімен тең аяқталды.
Жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы тағайындалды, онда ирандықтар 3:2 есебімен күштірек болды. Осылайша, Қазақстан Саньедегі Азия ойындарында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін қазақстандықтар Таиланд пен Гонконгты жеңген болатын.
Турнир айналмалы жүйе бойынша өтуде, әр құрама бір-бірімен ойнайды. Келесі матчта Қазақстан 28 сәуірде Қытаймен кездеседі.




