Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Бейбіт келісім жарияланғалы бері 123 палестиналық қаза тапты

Фото: DPA / TASS Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы келісім жарияланғалы 123 палестиналық қаза тапты. Тағы 270 адам жарақат алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Зардап шеккендердің дені – әйел мен бала. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс басқармасы мәлі

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Бейбіт келісім жарияланғалы бері 123 палестиналық қаза тапты
Фото: DPA / TASS Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы келісім жарияланғалы 123 палестиналық қаза тапты. Тағы 270 адам жарақат алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Зардап шеккендердің дені – әйел мен бала. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс басқармасы мәлімдеді. Бүгін Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Нусейрат лагерін тағы атқылады. Іле-шала оңтүстіктегі Хан Юнис ауданын бомбалады. Еске салайық, осы аптада Израиль билігі Газа секторында қақтығысты тоқтату жөнінде келісімді бекітті. Ол ертең жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:30-да күшіне енеді. https://youtu.be/TZxHJymja7c

Ұқсас материалдар