Үкімет отырысында премьер-министр Қанат Шарлапаевқа «Сіз баяндамаңызда бірыңғай реестр туралы айттыңыз. Оған іріктеу процесі қалай жүреді?» деп сұрақ қойды. Министр отандық өндірушілер тізбесі қалай жасалатынын түсіндірді.
Оның айтуынша, кәсіпорындар өндірісіндегі жергілікті мазмұнның үлесі де ескеріледі."Қазір цифрлық құралдарға басымдық беріп отырмыз. Біріншіден, Қаржы министрлігінде, Цифрлық даму министрлігінде бүкіл кәсіпорын туралы толық ақпарат бар. Осы ақпаратты пайдаланып, біз шынайы өндірушілерді анықтаймыз. Мысалы, кәсіпорынның қуаттылығы, қызметкерлердің саны туралы және басқа да деректерді жинап, шынайы өндірушілерді іріктейміз", - деді Қанат Шарлапаев.
Олжас Бектенов жалған кәсіпорындарды отандық өндірушілер тізбесіне енгізбеуді тапсырды."Екіншіден, локализация деңгейін тексереміз, яғни өндірушілер Қазақстанның шикізатын пайдаланып отыр ма, басқа отандық кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істей ме? Осыған да мән береміз", - деді министр.
[ad_2] Дереккөз: Халық үні"Жалған өндірушілер мәселесі өте өзекті. Біз мұндай мәселе барын білеміз. Олар осы реестрге кірмеуі керек", - деді премьер-министр.




