Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Берешегім жоқ, бірақ шотым бұғатталды: МКК қателігі жұртты әбігерге салды

Салық берешегі жоқ азаматтардың банк шоттары бұғатталған. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жүйеде қателік кеткенін мойындап, кешірім сұрады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Берешегім жоқ, бірақ шотым бұғатталды: МКК қателігі жұртты әбігерге салды

Қазақстанда салық берешегі жоқ азаматтардың банк шоттары жаппай бұғаттала бастады. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жүйені іске қосу кезінде техникалық қателік кеткенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл мәселені алғаш болып бухгалтер Рабиям Серікбаева көтерген. Оның айтуынша, мұндай жағдайға тап болғандардың саны өте көп.

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) камералдық бақылау процесін толық автоматтандыруды қолға алған. Алайда жаңа жүйені енгізу кезінде қателік кеткені анықталды.

"Бұл жұмыс адам факторын азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және салықтық әкімшілендіру шараларын негізсіз қолдануға жол бермеуге бағытталған. Дегенмен, жаңа әдістемені енгізу кезінде қателік анықталды. Соның салдарынан кейбір камералдық бақылау хабарламалары бойынша банк шоттарындағы шығыс операциялары негізсіз тоқтатылды", - делінген комитет хабарламасында.

Комитет өкілдері қателіктің қазір түзетілгенін мәлімдеді. Бұрын қате жіберілген шоттарды бұғаттау туралы өкімдер кері қайтарылып жатыр. Бұл жұмыстар 10 сәуірде толық аяқталады.

МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қазіргі уақытта жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Берешегім жоқ, бірақ шотым бұғатталды: МКК қателігі жұртты әбігерге салды · Todayinfo