Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Берік Уәлидің бір жылы: Абай облысы республикада екінші орынға шықты

Берік Уәлидің Абай облысын басқарғанына бір жыл толды. Осы уақытта өңір экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап, ірі инвестициялық жобалар іске қосылды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Берік Уәлидің бір жылы: Абай облысы республикада екінші орынға шықты

Жаңадан құрылған Абай облысының тізгінін ұстаған Берік Уәлидің жұмысына бір жыл толды. Осы қысқа мерзімде өңір меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша республикада екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы қызметке кіріскеннен кейін ең алдымен өзекті мәселелерді шешуді қолға алды. Атап айтқанда, Семей қаласындағы жылу орталықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды қыс мезгілінде жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Сонымен қатар, Берік Уәли облыстың шалғай ауылдарына дейін арнайы барып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, жергілікті мәселелермен танысты.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Ұзақ жылдар бойы аяқталмай келген "Қалбатау – Майқапшағай" тас жолының құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Семей қаласындағы көпірлер жаңартылып, айналма жолдар жөнделді, бұл қала мен ауыл арасындағы қатынасты едәуір жақсартты.

"Бір жыл ішіндегі басты жетістіктердің бірі — Абай облысының меншікті кірістерінің өсу қарқыны бойынша республикада екінші орынға шығуы болды. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетінің артқанын көрсетеді", - деп атап өтті сарапшылар.

Инвестиция тарту мақсатында өткізілген "Туған жерге туыңды тік" форумының нәтижесінде 15 ірі меморандумға қол қойылды. Оның аясында өңірде бес жұлдызды PANA қонақ үйі, чиптер мен электр қондырғыларын шығаратын зауыт және ірі ет комбинаты сияқты жобалардың құрылысы басталды. Сондай-ақ, Қытайдың Алтай аймағымен жалпы сомасы 1,5 миллиард АҚШ долларынан асатын келісім жасалды.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Шалғай ауылдарда жаңа медициналық амбулаториялар ашылып, білім беру саласында "Келешек мектебі" жобасы іске қосылды. Спортты дамыту мақсатында 25 мың орындық заманауи стадионның құрылысы басталды. Сонымен қатар, ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баса назар аударылды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар