Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Бір-бірімен қатынасқа түседі»: жазасын өтеп шыққан әйел абақтыдағы өмірдің көлеңкелі тұстарын әшкереледі

Алаяқтық бабы бойынша екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан Риза Мұсаханова түрме ішінде әйелдер бастан өткеретін психологиялық және физикалық қысымдар туралы ашық айтты. Оның айтуынша, абақтыдағы өмір сырттан көрінгеннен әлдеқайда ауыр әрі қауіпті,де

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Бір-бірімен қатынасқа түседі»: жазасын өтеп шыққан әйел абақтыдағы өмірдің көлеңкелі тұстарын әшкереледі
Алаяқтық бабы бойынша екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан Риза Мұсаханова түрме ішінде әйелдер бастан өткеретін психологиялық және физикалық қысымдар туралы ашық айтты. Оның айтуынша, абақтыдағы өмір сырттан көрінгеннен әлдеқайда ауыр әрі қауіпті,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
 «Абақтыда ұзақ отырған әйелдердің мінез-құлқы мен болмысы өзгереді. Әйелдік табиғаты көмескі тартып, біреуі еркектің, біреуі әйелдің рөлін алады. Жеке тұлғалық қасиеттері жойылады», – дейді Риза Мұсаханова.
Ол сондай-ақ кейбір сотталған әйелдердің ер адам бейнесіне еніп кететінін, омырауын таңып, шашын қырып, жүріс-тұрысын ер адамдарға ұқсата бастайтынын айтты. Ризаның айтуынша, түрмеге жаңадан келген жас қыздар ұзақ уақыт отырғандардың бақылауына түсіп, бейресми қатынастарға тартылуы мүмкін.
«Жаңадан келгендерді үлкендер тартып алады. Әйел мен күйеу рөлін ойнайды. Қарсылық білдірсе, күш көрсетіледі. Қорқыту арқылы көндіреді», – дейді ол.
Риза Мұсаханова абақты ішінде қалыптасқан ішкі бейресми жүйенің бар екенін, оған қарсы тұру өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, қоғамнан оқшаулану мен ер адам бейнесінің болмауы әйелдер арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруіне әкеледі.
«Ұзақ отырғандар өз ережесін орнатады. Жаңадан келгендер амалсыздан соған бағынады. Еркек жоқтықтан әйелдер бір-бірімен жақындасып, қарым-қатынасқа түседі», – деді Мұсаханова.

Ұқсас материалдар

«Бір-бірімен қатынасқа түседі»: жазасын өтеп шыққан әйел абақтыдағы өмірдің көлеңкелі тұстарын әшкереледі · Todayinfo