Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде 13 жастағы қызды көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
16 маусым күні Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірім қыздың өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.
Алдын ала ақпарат бойынша, 13 жастағы қызды көлік соғып кеткен. Қатты соққыдан кейін ол екінші көліктің астына түскен. Жасөспірім қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, көлік жүргізушісін уақытша ұстау изоляторынақамады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайлары анықталуда.




