«Бұл – біздің келініміз. Бірде келін, бірде келін емес. Әйтеуір, қазір келін. Бізге Армениядан сыйлық алып келді. Рақмет, Жарқынай. Бізді үнемі ойлайтының қуантады. Бағым Мақсатқызына да әдемі сақина ала келіпті. Қалың қалай, жақсы ма? Сен қазір біздің келінсің бе?» – деп әзілдеді продюсер.
Жарқынай Ханайым бұл сауалға ұялып күлген күйде жауап бермей, әңгімені қалжыңға бұрды.
Желі қолданушылары Баян қайткен күнде де өзінің қайынапа екенін көрсетіп жатқанын жазған. Еске сала кетейік, Жарқынай Ханайым – Баян Мақсатқызының жиені Айдар Асқарбекке тұрмысқа шыққан болатын. Жұлдызды жұп отбасылық өмірде біршама қиындықтардан өтіп, қызғаныш себептеріне байланысты ажырасқан еді. Алайда біраз уақыттан кейін қос тарап қайта татуласып, қарым-қатынастарын жалғастыруда.@keremet_life Шутка-минутка😁#келін#рекомендации#fyp #баян#funny ♬ оригинальный звук - Тіркеліп қойыңыздар❤️🫂




