Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бишімбаев қорыққанынан күбірлеп бара жатты – адвокат

Сот үкімі оқылғаннан кейін марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен адвокаты Жанна Оразбақова журналистердің сұрақтарына жауап берді. Үкімге көңіліңіз тола ма деп сұрады журналистер олардан. – Үкім орындалса, 68 жасында шығады екен. Біздің күткен үкім де сол еді, – деді Айтб

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Бишімбаев қорыққанынан күбірлеп бара жатты – адвокат
Сот үкімі оқылғаннан кейін марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мен адвокаты Жанна Оразбақова журналистердің сұрақтарына жауап берді. Үкімге көңіліңіз тола ма деп сұрады журналистер олардан.
– Үкім орындалса, 68 жасында шығады екен. Біздің күткен үкім де сол еді, – деді Айтбек Амангелді.
Ал адвокат Жанна Оразбақова Қуандық Бишімбаев үкім оқылғаннан кейін көзінен қорқыныш көргенін айтады.
– Менің оның көзінен үрей көрдім. Өзі үшін үрей. Күбірлеп кетіп бара жатты. Дұғасын оқып бара жатты ғой деймін, – деді ол.
 

Ұқсас материалдар

Бишімбаев қорыққанынан күбірлеп бара жатты – адвокат · Todayinfo