Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

"Біз оларды еркелетіп алдық": Соловьев шоуында Орталық Азияға тағы доқ көрсетілді

"Россия 1" арнасындағы бағдарламада саясаттанушы Сергей Михеев "Ресей Орталық Азия елдерін еркелетіп жіберді" деп мәлімдеді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
"Біз оларды еркелетіп алдық": Соловьев шоуында Орталық Азияға тағы доқ көрсетілді

Ресейдің мемлекеттік телеарнасында Орталық Азия елдеріне қатысты тағы да даулы мәлімдеме жасалды. "Россия 1" арнасының эфирінде саясаттанушы Сергей Михеев аймақтағы елдердің сыртқы саясатын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

"Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасының қонағы ретінде сөз алған Михеевтің айтуынша, Ресей Орталық Азия елдеріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ол мұны еңбек миграциясы мен экономикалық көмек арқылы дәлелдемек болды.

"Біз оларды аздап еркелетіп жібердік. Олар мұның бәрін бізден алып отыруға үйреніп қалған, бірақ бұл үшін ешқандай жауапкершілік алғысы келмейді", - деді саясаттанушы.

Михеев бұл елдер Ресейдің осы қолдауын өздеріне қарсы қысым құралы ретінде пайдаланып отыр деп санайды. Бағдарлама жүргізушісі Владимир Соловьев бұл пікірді толықтай қолдап, өзінің де осыған ұқсас өткір мәлімдемелерінен кейін Ресей елшілерінің шақыртылған кездері болғанын еске алды. Бұл Ресейдің мемлекеттік арналарында Орталық Азия, соның ішінде Қазақстанға қатысты айтылған алғашқы сын емес.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

"Біз оларды еркелетіп алдық": Соловьев шоуында Орталық Азияға тағы доқ көрсетілді · Todayinfo